Шымкентте селфи жасамақ болған жасөспірім тоққа түсті

Шымкентте 11 жасар бала тоққа түсті. Жасөспірім суретке түсу үшін теміржол вокзалында тұрған жүк вагондарының төбесіне шыққан. Алайда 27 мың вольтты электр тоғына түсіп қалған. Бала аман, бірақ денесінің 80 пайызын күйік шалған. Қазір хәл үстінде жатыр. Желілік полиция өкілдері жасөспірімнің вокзал есігінен кірмегенін айтады, сол себепті ешқандай бейнекамераға да түспеген. Ал вагонға арнайы баспалдақ арқылы мініпті.
СЕРІК АЙҚЫНБЕКОВ, МЖД ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Шымкент бекетінде 11 жасар жас бала вагонның үстіне шығып, суретке түскісі келген, тоққа түсіп қалды. Осындай орын алып жатқан себептерден қауіпсіздікті қадағалауға алып жатырмыз.
НҰРЛАН ҚОШҚАРБЕКОВ – ЖП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— ҚР ҚК «Темір жол көлігін пайдалану және қозғалыс талаптарын бұзу фактісі бойынша сот тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда іс бойынша тергеп-тексеру жүріп жатыр. Өзге ақпараттар ҚПК талаптарына сәйкес жария етілмейді. Осы сәтті пайдалана отырып Шымкент қаласы және облыс тұрғындарына теміржол өте қауіпті аймақ екенін ескертемін.
———————————————