Ақтауда ұрып-соғып, видеоға түсірген қыздың ата-анасы жауапқа тартылды

Ұрып-соғып, видеоға түсірген. Маңғыстауда 12 жастағы қыздың ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Енді 78 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, азамат кінәсін толық мойындап, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келіскен.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда 12 жастағы қыз басқа бұрымдыны соққыға жығып, оны видеоға түсірген еді.
———————————————