Жазғы маусым, яғни оқушылардың каникулы аяқталды. Биыл елімізде 3 миллион 200 оқушы түрлі демалыс және сауықтыру бағдарламасымен қамтылды. Оның 500 мыңнан астамы әлеуметтік осал санаттағы отбасыдан. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 200 мың балаға көп. Жалпы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 10 мың оқушыға тегін демалыс ұйымдастырылған. Республика бойынша,17 лагерь және 192 маусымдық сауықтыру орталығы, 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерь жұмыс істеді. Сонымен қатар балалармен мазмұнды жұмыс жүргізу үшін 120 мың тәрбиеші-педагог даярланып, 12 мыңнан астам студент-ерікті тартылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.