20-ға жуық үй, жер телімі, пәтер мен қымбат автокөліктер. Мұның бәрі –Түркістан облысындағы есепшілер жымқырған қаражатқа алынған мүлік. Шардара аудандық білім бөлімінің басшысы мен есепшілері 2020 жылдан бері 3 млрд 700 млн теңге жымқырған. Олар ақшаны мектепте істемейтін туыстарына аударып отырған. Бастапқыда 15 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Бір адамның қайтыс болуына байланысты 14 адамға үкім шықты. Шардара аудандық білім бөлімінің бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды. Ал 7 есепшінің әрбірі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі әйелдің жазасын өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді. Төрт айыпталушы рахымшылыққа ілініп, жазалары шартты немесе бостандығын шектеу түріне ауыстырылды.
ДӘУРЕН МАДАЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ҚІЖМА СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Өздерінің туысқандарының ЖСН-дерін енгізеді, мектепте істемейтін тұлғалар. Сөйтіп, мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақасын ИИН арқылы сол банк есепшоттарына аударады. Іс материалдарымен сотталушылардың қылмыстық әрекеттері толық дәлелденген. Біріншіден, өздерінің жауаптарымен, екіншісінден, сотқа дейінгі тергеп тексеруде куәлердің жауаптарымен.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.