«Айыппұлға» деп өндірілген ақша, құмар ойынға жұмсалған. Астанада өз міндетін асыра пайдаланған екі жеке сот орындаушыға қатысты тергеу басталды. Күдіктілер 2 жыл бойы қазына қаржысын заңсыз иемденіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсап келген. Прокурорлық тексеріс барысында осындай олқылық анықталған. Құзырлы орган өкілдерінің мәліметінше, олар бюджетке 26 млн теңгедей шығын келтірген. Сот орындаушылар лицензиясынан айырылды.
Енді келешекте осындай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін жасанды интеллектіні қолдану қарастырылып жатыр. «Бұл берешек сомаларды тікелей өндіріп алушыға аударып, жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал етпек», — дейді мамандар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.