Адам ұрлап, оларға несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

Ел ішінде 5 жылда 348 адамды ұрлап, оларға несие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды. Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, топ құрамында елдің әр аймағынан 25 адам болған. Олардың ішінде Kaspi Bank, Forte Bank, «Еуразиялық банк», Jusan bank қызметкерлері де бар. Мемлекетке келтірілген шығын – 3,7 млрд теңге. Олар түскен ақшаны Алматыдан пәтерлер мен жер учаскелерін, қымбат автокөліктерді сатып алуға жұмсаған. Тәркіленген мүліктің жалпы құны – 2,7 млрд теңге.
———————————————