Алматы облысы Қарасай ауданында өрт шығып, үш адам қаза тапты. Қайғылы жағдай Тұрар ауылы маңында болған. Алдымен құрғақ шөп тұтанып, кейін жалын 30 гектар аумақты шарпыған. Өрт тұрғын үйлер мен саяжайларға да жеткен. Салдарынан жеті саяжай, алты шаруашылық нысан, бір автокөлік, шөп қора және бір тұрғын үй түгел жанып кетті. Оқиға орнына 27 маман мен 10 техника жұмылдырылып, өрт сөндірілді. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.