Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде Қытайдың ірі компаниялары мен банктерінің басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, мемлекет басшысы зия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті, Huawei, Sany Group, China Energy, CNNC және CRRC компанияларының жетекшілерімен жеке-жеке келіссөздер жүргізді. Екіжақты кездесулерде «жасыл» энергетика, екінші атом электр стансасының құрылысы, электр желілері инфрақұрылымын жаңғырту, көлік, цифрлық технологиялар мен машина жасау салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.