Қазақстанда төменгі күнкөріс деңгейі 62 180 теңгеге жетті

Қазақстанда тамыз айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 62 180 теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш шілдемен салыстырғанда 6,3%-ға жоғары. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, ерлер үшін күнкөріс деңгейі – шамамен 73 мың теңге болса, әйелдердікі – 58 мыңға жуық. Зейнеткерлер мен қарттар үшін – 57 305 теңге, ал балаларға – 55 449 теңге болып белгіленді.
Ал аймақтар бойынша көрсеткішке келер болсақ, ең жоғарысы Маңғыстау облысында – 73 276 теңге. Ал ең төменгі деңгей Қызылорда, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында. Айта кетейік, ресми дерек бойынша бүгінде шамамен 1 миллион қазақстандықтың табысы күнкөріс минимумына жетпейді. 16,5 мың тұрғынның кірісі 30 мың теңгеден аспайды.
———————————————