16 қыркүйекте күзгі әскерге шақыру басталады

Елімізде 16 қыркүйекте күзгі әскерге шақыру басталады. Бұл жолы шақыру цифрлық форматта, үш күн бұрын SMS-хабарлама және eGov порталы арқылы жіберіледі. Егер азаматтың цифрлық байланыс арналары болмаса, шақыру қағазы жеке қолма-қол немесе пошта арқылы жеткізіледі. Мұның бәрі Президент қол қойған жаңартылған заңнама аясында жүзеге асырылуда. Биыл әскерге шақыру 31 желтоқсанға дейін, яғни бұрынғыдан бір айға ұзағырақ болады.
ТАЛҒАТ АМАНГЕЛДІ, ҚОРҒАНЫС ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ
— SMS-хабарлама алған, бірақ шақыру комиссиясына келмеген азаматтарға әкімшілік кодекске сәйкес жауапкершілік қарастырылады. Сондықтан шақыру алған азаматтарды өз мерзімінде келуге шақырамыз.
———————————————