Алматы облысында тоғыз жаңа мектеп пайдалануға берілді

Алматы облысында биылғы жаңа оқу жылында 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Соның 8-і «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынған. Қарасай ауданында екі мың орындық тағы бір орта білім ошағы жеке инвесор есебінен бой көтерсе, Талғар ауданындағы Төңкеріс ауылының балалары 900 орындық «Келешек мектебінде» оқуға мүмкіндік алды. Осылайша өңірдегі барлық мектеп саны 491-ге жетті. Онда 362 мыңнан астам оқушы білім алады. Соның 10 пайызы мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған балалалар. Жалпы Алматы облысында биыл 17 «Келешек мектебі» іске қосылады деп жоспарланған.
ИНДИРА ҚЫДЫРБЕКОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
— Міне, бізде керемет жайлы мектеп ашылып жатыр. Балаларымызды 1-сыныпқа әкелгенмін, өте қуаныштымыз.
———————————————