Алматының Орталық стадионы «Қайрат – Реал» матчына сақадай сай. Спорт министрі осылай мәлімдеді. Министрдің айтуынша, бұл ойын қазақстандық футболшыларды арқаландырады. Өйткені «Қайраттың» бұған дейінгі жеңісі жастарға үлкен жігер сыйлаған болатын. «Сондықтан алдағы жарыстарды аса ыждаһаттылықпен күтеміз», — деді ведомство басшысы.
ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, СПОРТ МИНИСТРІ:
— Орталық стадион дайын. Бұл жарыстан Алматы экономикасы үлкен табысқа кенеледі. Қонақүйлер, мейрамханалар, туристік бағыттар. Біз қазір осыларды әзірлеп жатырмыз. Біз шамамен 4 мың турист пен жанкүйер келеді деп жоспарлап отырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.