Өскеменде 600 млн теңгеге салынған көпір опырылып қалды | 02.09.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЕСЕПШІЛЕР СОТТАЛДЫ
Үкіметтің қаржысын қалтасына басып, әден байымақ болған. Түркістан облысында қисапсыз ақша жеген 15 есепші сотталды. Оларға 3 млрд 700 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, алды 10 жыл арқалады.

ҚҰМАР ОЙЫНЫНЫҢ ҚҰРБАНЫ
Елорданың жеке сот орындаушылары 26 млн теңгенің көбін құмар ойындарына жұмсаған. Бұл – тұрғындардан мемлекет пайдасына өндірілген айыппұлдан түскен қаражат. Енді сот екі күдіктінің жегендерін желкесінен шығармақ.

КӨПІР ҚҰЛАДЫ
Қайран, 600 млн теңге. Өскеменде былтыр ғана осынша қаржыға жөнделген көпір опырылып қалды. Үздіксіз жаңбырдан Үлбі өзені 6 метрге көтеріліп, тіреуіштердің бірін шайып кеткен.

ҚАЗАҚ-ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСЫ
Қытай Қазақстан экономикасына 27 миллиард доллар инвестиция құйды. Ал бүгін өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінде жалпы құны 15 млрд доллардан асатын 70-тен астам коммерциялық құжатқа қол қойылды.

АҚНАЗАРДЫҢ АРМАНЫ
Әлемді мойындатқан Ақназар. Балқашты 13 сағатта жүзіп өтіп, әлем рекордын жаңартқан қазақстандық параспортшының ендігі арманы қандай? Бір қолы мен бір аяғы жоқ азаматпен тілшіміз әңгімелесті.
———————————————