Алматыда тау бөктерінде жастар төбелес шығарды

Тау бөктерінде жастар жаға жыртысты. Алматыда жігіттер арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Желіде тараған бейнежазбада ерегіскен екі жасты өзгелері тоқтатпақ болған. Оларды арашалағысы келген бойжеткен де соққының астында қалды. Полиция департаментіне бұл іс бойынша ешкімнен арыз түспеген. Алайда тәртіп сақшылары тексеріп, жауапқа тартады.
———————————————