16 жастағы қызды ұрлап, зәбір көрсеткен екі әйел ұсталды

Алматы облысында 16 жастағы қызды ұрлап, артынша ұрып-соғып зәбір көрсеткен екі әйел ұсталды. Күдіктілердің бірі Масақ ауылдық округі әкімдігінде жұмыс істеген. Сезіктілер кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді өзенге батырып, денесін темекімен күйдірген. Тіпті жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Пысықайлар барлығын телефонға түсіріп отырды. Кейін бейнежазбаны таратамыз деп қорқытып, жәбірленушіден үш миллион теңге талап еткен. Облыстық полиция департаментіндегілер қылмыстың болғанын растады. Қазір аталған фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
———————————————