Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасаған Ернар Жиембайдың сотта қылмысы дәлелденіп, ол 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Енді оқ атылған «Сайга-12» маркалы мылтығы жайында жаңа дерек пайда болды. Белгілі болғандай, қару Астанада әлдеқашан қолданыстан шығарылған. Бірақ жарамсыз деп танылып, жойылуға тиіс шолақ мылтық қылмыскердің қолына қалай түсті?
ЕРЖАН СӘДЕНОВ – ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:
— Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Бұл – қызметкерлер тарапынан кеткен олқылық. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдай анықталғаннан кейін ол қару сатылды ма, ұрланды ма қандай жолмен ол жаққа кеткені белгілі болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.