Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер жылу электр орталығы алдағы маусымға дайын. Стратегиялық нысанда биыл 4 қазандықтың барлығы күрделі жөндеуден өтті. Мұнымен қоса турбиналармен көмір жеткізу желілері қалпына келтірілді. Сондай-ақ қала бойынша 6 шақырымнан асатын құбыр ауыстырылды. Енді алдағы уақытта 23 қауіпті учаске жаңартылады деген жоспар бар. Жергілікті билік өкілдерінің сөзінше, көмірді тұрақты жеткізіп тұру үшін арнайы компаниялармен келісімшарт жасалды. Жалпы биыл, аталған орталықты жаңғыртуға Үкімет резервінен 5 және облыстық бюджеттен 1,5 миллиард теңге қаржы бағытталған.
КИРИЛЛ ГОЛОТА – ЖЭО ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
— Станция толығымен дайын. Қажет көмір қоры бар. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Орталық халықты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.