Енді қазақстандықтар Арменияға жеке куәлігімен бара алады. Ал Армения азаматтарына біздің елімізде визасыз жүруге рұқсат берілді. Мәжілістің алғашқы жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды. Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілетін түзетулер мен одан басқа да бірнеше заң жобасын қарады.
Қазақстан мен Армения азаматтарының бір-бірінің аумағында болу мерзіміндегі жеңілдіктер әрине, екі жаққа да қолайлы. Бірақ заңды талқылау барысында: «Шетелдіктердің заңбұзушылық жағдайы көбейіп кетті», — деп депутаттар алаңдаушылық білдірді. Мәселен, жыл басынан бері ел аумағында уақытша жүрген шетелдік азаматтар 45 мың құқықбұзушылық жасап, оларға 800 миллион теңге айыппұл салынған.
ЕКАТЕРИНА СМОЛЯКОВА, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Алайда осы айыппұлдардың ішінде 2024 жылы 176 миллион теңге, 2025 жылы 280 миллион теңге өндірілмей қалған. Яңғи бюджетке қайтарылмаған миллиондаған теңге айыппұл жиналып жатыр. Бұл жағдайды келесі жүйелі олқылықтардың салдарын көрсетеді деп санаймын.
«Миллиондаған айыппұлмен шетелдік қалайша шекара асып жүр? Олар айыппұл мерзімі өткеннен кейін еш кедергісіз қайтып оралады. Айыппұл өндіру механизімін реттеу керек», — деді депутат. Ішкі істер министрі бұл ретте жаңаша жұмысқа кірістік деп отыр.
Мәжілісте жұмысқа қабылдаған Заң жобаларының арасында Сайлау туралы Заңға да өзгерістер енгізу қарастырылған. Осы құжаттар бойынша сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, заң жобалары электоралдық практиканы ескере отырып, сайлау жүйесін жетілдіруге бағытталған.
СНЕЖАННА ИМАШЕВА – МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Мәжіліс депутаттығына бір кандидатты бір сайлау округінен артық сайлау округінде ұсынуға тыйым салу, бір адамды бір мезгілде Мәжіліс пен мәслихаттың бір мандатты окургтері бойынша да ұсынуға тыйым салу, әкімге кандидаттың сайлау қорын құру, президенттікке, депутаттыққа, әкімге, сайлау комиссиясы мүшесіне кандидаттарға ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша соттылығының болмауы бойынша талаптарды күшейту.
«Ілеспе заң жобалары да сайлау өткізу рәсімдерін жетілдіруге, сайлау заңнамасының нормаларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілігін енгізуге бағытталған», — деді депутат.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.