Жетісулық ғалымдар Орталық Азияда алғаш болып Speed Breeding технологиясын қолданып, бір жылда 6 рет өнім алып отыр. Ілияс Жансүгіров атындағы университетте мамандар құрғақшылыққа, ыстыққа төзімді бидай мен арпа сұрпын жылыжайда өсірді. Жаңа технологиямен бір жылда алты рет өнім жинап әрі дәнді-дақылдың сапалы тұқымын алды. Ауылшаруашылығы саласындағы осы «ноу-хау» үшін мемлекеттен 250 млн теңге грант бөлінген.
ҚАНАТ ЕРМЕКБАЕВ – ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:
— Осындай заманауи генетикалық, геномикалық ДНК деңгейіндегі және фенотиптік деңгейдегі жұмыстарды қолдану арқылы бидайдың бір сортын шығаруға 14-15 жыл уақыт кетсе, біз оны екі-үш есе жылдамдатамыз. Мысалы, бір жылда далалық деңгейде сіз бір-ақ рет өнім алатын болсаңыз, осы техникалық әлеуетті қолдану арқылы біз бір бидайды алты рет өсіріп аламыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.