Биыл ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,7% өсті

Биыл ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,7%-ға өсіп, 2,4 трлн теңгеге жетті. Агроөнеркәсіптік кешенді экономиканың негізгі секторы ретінде баса назару туралы Президент жолдауында айтылған болатын. Өңдеу саласы озық қарқын көрсетіп отыр: азық-түлік өндірісі 9,2%-ға, сусындар – 6,8%-ға артты. Өсімдік майы өндірісі 24%-ға, сары май – 10,4%-ға, шұжық өнімдері – 9%-ға, ұн – 6,6%-ға өсті. Мал шаруашылығы азық-түлік қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызын сақтап отыр. Агроөнеркәсіптік кешен жалпы өнімінің шамамен 40%-ын құрайды. Биылғы қаңтар-шілде айларында өндіріс көлемі 3,4%-ға өсіп, 2 трлн теңгеге жуықтады. Ет өндірісі 2%-ға, сүт өндірісі – 6,5%-ға артты. Ірі қара мен құс та көбейген. Ірі қара мал – 8,7 млн бас, жылқы – 4,6 млн, түйе – 300 мың, құс 48 млнға жеткен.
———————————————