Алматы облысында 52 млн түп ағаш егіледі

Алматы облысында 2027 жылға дейін 23 мың гектар алқапқа 52 млн түп ағаш көшеті егіледі. Кеген ауданындағы Жалағаш орманшылығында қылқан жапырақты ағаш екпелерін өсіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мұндағы тәлімбақ негізінен Шренка шыршасының көшеттерін өсірумен айналысады. Аталған шырша түрі Тянь-Шань тауларының қатал табиғатына бейімделген. Орманшылар бір гектарға жуық жерге тұқым сеуіп, биыл 20 гектар алқапты жасыл желекпен көмкермек. Президент тапсырмасына сәйкес, еліміздегі мемлекеттік орман қорында 2027 жылға дейін 2 миллиард түп ағаш көшеті егілуі тиіс.
ЕРНАТ ЕҢСЕБАЕВ, ЖАЛАҒАШ ОРМАНШЫЛЫҒЫНЫҢ ОРМАНШЫСЫ:
— Биылғы жылға 20 га жерге 165 400 дана екпе көшеті отырғызылды және 25 га жерге жаңағы орманды толықтыруға 25 мың дана, көгалдандыру мақсатында 3 мың түп орман екпесі отырғызылды. Нарынқол орман шаруашылығына 165 мың дана, Бақанас орманшылығына 100 түп орман екпелері төлемсіз босатылуда.
———————————————