Шығыс Қазақстанда 600 орындық заманауи мектептер пайдалануға берілді

Шығыс Қазақстан облысында екі бірдей мектеп ашылды. Бірі – Өскеменде, екіншісі – Риддер қаласында. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. 600 орындық білім ошағы кең, жарық. Заманауи жабдықталған оқу бөлмелері, асханасы, кітапханасы, мәжіліс залы бар.
БАУЫРЖАН ДҮЗБЕНОВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:
— Бүгін ашалып отырған білім ордасы мектеп қана емес, бұл – болашақтың іргетасы. Қазақстанның жарқын болашағының алғашқы қадамдары деп айта аламыз.

НҰРЫМБЕТ САҚТАҒАНОВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Бұл мектеп Үкіметтің білім саласына ерекше мән беріп отырғанын көрсетеді. Бұл мектептерде оқушыларымыз тек білім алып қоймайды. Шығармашылықпен де айналысады. Технологияларды меңгереді. Жан-жақты дамиды.
———————————————