Астанада жұмыс кестесі өзгереді.
15 қыркүйектен бастап қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да басталады. Астана әкімдігінің қызметі де осы уақыттан бастайды. Кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмыс күнін 7:30–8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталуы да сәйкесінше өзгереді.
Ал жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа да әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.