Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АҚСУДАҒЫ АПАТ
Павлодар ферроқорытпа зауытындағы пештен қалдық құлап, жұмысшылар өртеніп кете жаздады. Балқытушы күйіп, жансақтау бөліміне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.
ТАУДАҒЫ ТӨБЕЛЕС
Шолу алаңы күл-қоқыс орны ма әлде төбелесетін жер ме? Алматы тауында бір топ жігітті арашалаймын деп бойжеткен зардап шекті.
ҚЫЗДЫ ҚОРЛАҒАН
Алматы облысында 16 жастағы қыз баланы ұрлап, ұрып-соғып зәбір көрсеткен екі әйел ұсталды. Күдіктінің біреуі Масақ ауылдық округі әкімдігінде жұмыс істеген.
БАКТЕРИЯ АНЫҚТАЛДЫ
Ақтөбеде сушиден жаппай уланудың себебі белгілі болды. Сараптама қорытындысында стафилококк пен ішек таяқшасы бары анықталды.
100 ЖЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ
100 жылдан астам электрмонтер династиясы. Атасы мен әкесінің жолын жалғаған жұмысшының қызы да – осы маман иесі. Ел тұрғындарына әулетімен қызмет көрсетіп жүрген кімдер?
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.