Астанада жұмыс уақыты өзгереді. Қыркүйектің 15-інен бастап кейбір мекеме жаңа кестемен жұмыс істейді. Өзгеріс барлық ұйымға қатысты емес. Яғни Астана әкімдігінің, қалалық коммуналдық қызметтердің, сондай-ақ кейбір мемлекеттік және жартылай мемлекеттік компанияның жұмысы таңғы 07:30-нан 8:00-ге дейін басталады. Соған сәйкес, жұмыстың аяқталуы да өзгертіледі. Жеке құрылымдар мен бизнес, мектеп, балабақша, аурухана, емхана, ХҚКО және басқа да әлеуметтік нысанның жұмыс кестесі өзгермейді. «Бұл жаңашылдық қала ішіндегі кептелісті азайту үшін жасалып отыр», — дейді Астана әкімдігі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.