Үкімет келесі жылға республикалық бюджетті жоспарлады. Қаржы министрлігі құжатты дайындау кезінде теңгенің доллар бағамын 540 деп, мұнай бағасын барреліне 60 доллар деп есептеген. 2026 жылға республикалық бюджеттің кіріс болжамы 19,2 трлн теңге көлемінде белгіленді. Бұл 2025 жылға жасалған бағалаудан 132% немесе 4,6 трлн теңгеге артық. 2026 жылғы кірістер осы жылға қарағанда 5,4 трлн теңгеге өседі деп күтілуде.
Еске салсақ, биылғы бюджетте мұнайдың жоспарлы бағасы барреліне 75 доллар, ал ұлттық валютаның бағамы 1 долларға 470 теңге деп көрсетілген болатын. Кеше өткен сауда қорытындысы бойынша доллардың бағамы 540,14 теңгені құрады. Brent маркалы мұнайдың фьючерсі барреліне 67,17 доллар деңгейінде саудаланып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.