Бүгін Сенаттың алғашқы отырысында Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды. Бұл мемлекеттік жобаны іске асыру мерзімдерін нақтылап, бірқатар салық және ұйымдастыру мәселелерін реттеуге бағытталған. Жобаның жалпы құны – 90,8 млрд теңге, оның ішінде 2025 жылға 60,8 млрд теңгесі көзделген. Ресей тарапы «Союз-5» зымыран тасығышын және оның техникалық жабдықтарын дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зауыттық сынақтар қазақстандық мамандардың қатысуымен жүзеге асырылды. Алғашқы ұшыру 2025 жылғы желтоқсан айына жоспарланған. Қазіргі уақытта Қазақстан өз міндеттемелерін толық көлемде орындап отыр. «Техникалық және ұшыру кешендері жаңартылып жатыр», — деді сенатор .
БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ — СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:
— Хаттамада мынадай негізгі өзгерістер көзделген: ұшу сынақтарының басталу мерзімі 2023-2025 жылға ауыстырылады. 2028-2039 жылдар аралығында жылына екі рет емес, үш рет кепілдендірілген ұшыруды жүргізу жоспарланған. Бейрезиденттер үшін қосылған құн салығын нөлдік мөлшерлеме енгізіледі. «Бәйтерек» акционерлік қоғамына корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер мерзімі 2028 жылдан, яғни жаңа кешен пайдалануға берілгеннен кейін 15 жылға дейін ұзартылып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.