Деректерді жылдам талдап, шешімді автоматты түрде қабылдайды. Отандық IT-мамандар инновациялық жүйені ойлап тапты. Бұрын бірнеше адам атқарған жұмысты жасанды интеллект санаулы минутта жасай алады. Ең бастысы, интернетке тәуелді емес. Сарапшылар бұл жоба әсіресе бизнес саласында тиімді болатынын айтады.
Қазақстандық IT-мамандар әзірлеген инновациялық платформа «NeuroBox» деп аталады. Интеллектуалдық жүйе деректерді жылдам өңдеп, адам еңбегін оңай алмастыра алады. «Тіпті аудио, бейнежазбаларды саналуы минутта талдап береді», — дейді жоба жетекшілері.
ТӨЛЕГЕН ОМАРБЕКОВ, КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:
— Белгілі бір жиналыс өтті дейік. Оның бейнежазбасын жүктесеңіз жеткілікті, «NeuroBox» компьютері автоматты түрде хаттама жасап, тапсырмалардың мерзімін де өзі анықтап береді. Яғни құжаттарды небәрі бірнеше минутта шығарады. Кейін қорытынды мәліметті жауапты қызметкерлердің поштасына жібереді.
Яғни, әдеттегі серверден әлдеқайда қуатты, шағын супер компьютер іспеттес. IT-мамандар мұны цифрландыру бағытындағы ірі серпіліс деп бағалап отыр. Хош, интеллектуалды жүйе бірнеше қызмет түрін атқарып, жұмыс тиімділігін арттырмақ. Алайда бұл мамандардың жұмыссыз қалуына кері әсерін тигізбей ме? Бұл сауалды Цифрлық Даму вице-министріне қойдық.
ДМИТРИЙ МУН, ЦИФРЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Барлық бағдарламашы жұмыссынан айрылады деп айту қате пікір. Бірақ бұл үрдіс біртіндеп жүреді. Сондықтан ақпараттық технология дамыған заманда жұмысшылардың біліктілігін арттыруға баса мән берілмек. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігн арттырады. Жаһан талаптарына сай білім алып, дағдыларын жетілдіреді.
Бұл жүйе бизнес саласында да тиімді қолданылуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір ғимараттың құрылысына рұқсат қағазын алу үшін кемінде 3 ай қажет. Ал жасанды интеллектінің көмегімен бұл процессті толық автоманттандыруға болады.
АЛЕКСАНДР ПАН, КОМПАНИЯНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
— Әдетте сала қызметкерлеріне құжатты талдап, шешім шығаруға көп уақыт кетеді. Ал интеллектуалды жүйе шешімді санаулы минутта шығарып береді. Бастысы, кәсікерлер үшін әкімшілк кедергілерді азайтуға ықпал етпек.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Жасанды интеллектке негізделген NeurоBox-ты қазақстандық IT-мамандары әзірледі. Аталған инновациялық платформа – толық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жабық жүйе. Оның негізгі ерекшелігі интернетсіз-ақ үлкен деректерді талдап жұмыс істей береді. Мамандар бұл компьютерді шамамен 70 млн теңге бағалап отыр.
Жоба әзірлеушілері инновациялық платформаның көмегімен жұмыс тиімділігін арттырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік болатынын айтады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.