Қайрат – Реал: билеттер матчқа 10 күн қалғанда сатылады

Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері матчқа 10 күн қалғанда сатыла бастайды. «Билеттер тек «Қайрат» клубының сайты мен әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарда сатылады», — деді Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев. Бағасы әлі белгісіз. Жанкүйерлер асыға күтіп жүрген ойын 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Бұл – алматылық клубтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчы. Жеребе қорытындысы бойынша, «Қайрат» өз алаңында «Реалдан» бөлек, «Брюгге», «ОлимпиакОс» және «Пафоспен» кездеседі. Ал сырт алаңда «Интер», «Арсенал», «Спортинг» және «Копенгагенге» қарсы ойындар күтіп тұр.
———————————————