Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
АЛАЯҚ ЖАҢА АЙЛАҒА КӨШТІ
Алаяққа енді SMS-код керек емес. Арнайы бағдарлама орнатып, көпшіліктің телефонын қашықтан басқаруға кірісті. Олардың алды өзгенің ақшасын аударып, несие рәсімдеп жатыр.
СТУДЕНТ НАЗЫ
Колледж студенттеріне жатақхана жеткілікті ме? Биыл жұмысшы мамандығына бөлінген грантқа ие болған түлектер тұратын жер таба алмай, біраз әбігерге түсті.
КҮРЕСІНГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Алты гектар жерді қоқыс полигонына бөлген. Жергілікті биліктің бұл шешімі тұрғындарға ұнамай жатыр. Солтүстік Қазақстан обьлысындағы ауыл азаматтары жайқалып тұрған жерді күресінге айналдыруға қарсы.
ТАКСИДЕГІ ТҮЙТКІЛ
Такси жүргізушілері жол ақысын өсіреміз деп шала бүлініп жатыр. Өйткені оларға көлікті жалға беретін компаниялар бағаны көтеруге ниетті. Бұған не себеп?
ЖҰМЫСҚА ЕРТЕ БАРАДЫ
Елордалықтар енді ерте тұруы керек. Бірқатар мекеменің кестесі өзгеретін болды. Осыған байланысты жұмыс уақыты таңғы 7:30-ға ауысады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.