Ақтөбеде екі қабатты үйдің төбесі опырылып түсті

Баспанадағы үрей. Ақтөбеде екі қабатты үйдің төбесі опырылып түсті. Абырой болғанда, тұрғындар дін аман. 60-жылдары салынған үйде 8 пәтер бар. Оның иелері төбедегі ірі ойықты өз қаржысына жөндеуге тырысқан. Алайда ескірген баспана кез келген сәтте құлауы мүмкін деп қауіптенеді жұрт. Жандарын шүберекке түйіп отыр. Мұндағы кәріз желілері шатыр арқылы өтеді. Жергілікті тұрғындар мәселені дереу шешуді сұрайды. Қазір бар үміт жергілікті әкімдікте. Ал шенеуніктер бұл жағдайдан хабардар екенін айтады. Тәуелсіз компания үйдің техникалық жағдайын анықтайды. Бұл қазына есебінен жүргізіледі. Сарапшылардың шешімі келесі аптада белгілі болады. Жалпы Ақтөбе өңірінде апатты деп танылған 28 баспана бар. Соның бесеуін биыл әкімдік сатып алмақ.
АЙНҰР ЖАПАҚОВА- АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Қорқамыз. Мен көпбалалы анамын. Балалар үшін алаңдаймыз. Көрші үйде төбе құлады. Біздің баспана да дәл солай болуы мүмкін. Үйлер ескі. Осы мәселені жауапты басшылар назарға алса дейміз.
———————————————