Даудың басы – желідегі ұтыс ойыны. Блогер Ерболат Жанабыловқа қатысты іс кейінге қалдырылды. Қорғаушының айтуынша, ол өзіне қандай айып тағылғанын толық білмеген. Өйткені хаттама толтыру кезінде оның мазмұны түсіндірілмеген. Судья осы айтылған уәждерді ескеріп, сот отырысын 15 қыркүйекке шегерді. Айта кетейік, бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Ерлі-зайыпты блогерлер әлеуметтік желіде 11 автокөлікті ұтысқа ойнататынын жариялаған. Алғашқы шарт тек репост жасап, тікелей эфирге қатысумен ғана шектелді. Алайда кейін ойын шарты күрт өзгерген. Қатысушылар құны 30 мың теңгенің бизнес курсын сатып алуға мәжбүр болған. Оқырман ұтыс ойынының заңдылығына күмән келтіріп, шағым түсірген. Бұл мәселеге сенаторлар да назар аударды. Олар: «Блогерлерге жазаны қатайту керек», — деп отыр.
ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ:
— Заңсыз онлайн казино және күмәнді гифтерді жарнамалаған блогерлерге қолданылып жатқан әкімшілік айыппұлдардан бөлек, қылмыстық жауапкершілік тетігін енгізуді сұраймыз. Екінші әлеуметтік желілерде жиі ұйымдастыратын ұтыс ойындары мен гифтердің заңдылығын тексеру үшін онлайн мониторинг жүйесін енгізуді, үшінші блогерлердің жарнамалық қызметін реттеуге және заң алдындағы жауапкершілігн арттыру үшін оларды лицензиялау немесе арнайы реестр құру.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.