Үржардағы жол апаты: 9 жасар бала әлі есін жимаған

Абай облысында жол апатынан зардап шеккен 9 жасар баланың хәлі мүшкіл. Әлі есін жиған жоқ. Ол Семейдегі ауруханада жатыр. Ал Үржардан Астанаға санавиациямен жеткізілген екі бала ауруханадан шықты. Оларға операция жасалып, қажет ем-дом берілді. Айта кетейік, 19 тамызда Бестерек ауылында көлік, бір топ баланы қағып кеткен еді. Екі жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Тағы біреуі ауруханаға жетпей жан тапсырды.
ДИНАТ ЕРІКҰЛЫ – №2 КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Балалардың жағдайы қанағаттанаралық. Аурухана директоры, орынбасары және бөлім меңгерушілерінің қатысуымен болған консилиум нәтижесі бойынша балаларды ауруханадан шығаруға болады деген тұжырым жасалынды.
———————————————