Балалар қауіпсіздігі күшейтілді: мектептердің 97%-ы күзетпен қамтылды

Елімізде балалар қауіпсіздігі күшейтілді. Қазір тәрбие, құқық қорғау және бос уақытты тиімді ұйымдастыруды қамтитын кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр. 3,3 млн бала 2 142 қосымша білім беру мекемелеріне барып тәлім ала бастаған. Балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін кадрлық әлеует те едәуір күшейтілді. Қорғаншылық органдары мамандарының саны артып, 303-тен 896 адамға жетті. Бұл отбасылардың қажеттіліктеріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді. Білім беру мекемелерінде де физикалық қауіпсіздік шаралары нығайтылуда. Мектептердің 97 пайызы лицензияланған күзет қызметімен келісімшарт жасасқан, ал 98 пайызы турникеттермен жабдықталған.
———————————————