Өскеменде ерекше балаларға арналған алғашқы мектеп ашылды

Елімізде ерекше балаларға арналған алғашқы мектеп Өскеменде ашылды. Мұнда сал ауруына шалдығып, дамуында өзге де түрлі ерекшелігі бар оқушылар білім алады. Авторлық оқыту әдістемесі енгізіліп, мұғалімдер шетелде арнайы тәжірбиеден өткен. Оңалту бағдарламалары қатар жүргізіледі. Ал сыныптар заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Бастысы барлығы тегін. Жалпы бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында мыңдаған бала оңалтуға мұқтаж. Тіпті кейбірі Астана мен Алматы қаласында емделіп келген. Енді жаңа оқу ордасы осы мәселені шешеді деп отыр.
МАДИНА ӘУРЕНОВА, ОҢАЛТУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Бұлар – өзінің қимыл-әрекеттерін реттей алмайтын, сөйлей алмайтын балалар. Яғни күрделі ақаулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған және аутизм диагнозы бар балаларға білім алу мүмкіндіктері ашылып отыр.
———————————————