8 қыркүйек Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік орган басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі. Маңызды шара «Жетінші арнаның» тікелей эфирінде де көрермен назарына ұсынылады.
———————————————