Олжас Бектенов: Биыл 190 жаңа өнеркәсіп орны іске қосылады

Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Президент Жолдаулары мен сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп тыңдалды.
Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов әр Жолдау – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтынын және азаматтардың ең өзекті сұрақтарына жүйелі жауап беретінін атап өтті. Олжас Бектенов Үкімет тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды. Былтыр шетелдік капиталдың қатысуымен 1,3 млрд доллар сомасына 45 жоба пайдалануға берілді. Биыл 20 мыңнан астам жұмыс орнын аша отырып, 1,5 трлн теңге сомасына 190 жаңа өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорны іске қосылатыны айтылды. «Келешек мектептері» жобасы аясында 310 мың орындық 160 мектеп салынды. Сонымен қатар ағымдағы жылы көлік саласында 13 мың шақырым жол жөндеу және салу жұмыстары қолға алынған.
———————————————