Астанада әскери қызметкерлер арасында есірткіге қарсы эстафета өтті. Жарыстың басты мақсаты – сарбаздардың күш-қайратын ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанатынын және есірткіге қарсы екендерін көрсету. Ұлттық ұланның әскери бөлімінде қатысушылар жауынгерлік көпсайыстан және топтық жылдамдыққа жүгіруден бақ сынасты. Сонымен қатар, сайыс барысында сарбаздар иттермен бірге тыйым салынған заттарды іздеп, өздерінің қырағылығын көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әскерде жауынгерлердің физикалық қана емес, рухани дайындығына да ерекше мән беріледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.