Дауға айналған ұтыс ойыны: Ерболат Жанабыловтың ісі кейінге қалдырылды | 05.09.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ТӨБЕ ҚҰЛАДЫ
Ақтөбедегі екі қабатты үйдің тұрғындары пәтерлеріне кіріп-шығуға қорқады. Тозығы жеткен ескі үйдің төбесі опырылып құлаған. Жергілікті билік бұған не дейді?

ӨРКЕНИЕТТЕН МАҚҰРЫМ
Түркістан облысындағы бір ауылдың тұрғындары құдықтан су тасып ішіп, шамның жарығымен күн көріп жатыр. Елді мекенде жөнді жол, тұрақты байланыс та жоқ.

ЧАТ-БОТҚА БАҚЫЛАУ
Жасанды интеллектің дамығаны жақсы. Бірақ ол жас ұрпақтың миына не құйып жатыр? Осыған алаңдаған мамандар балалардың чат-ботпен сөйлесу тарихын бақылауды ұсынды.

МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНА ІЛТИПАТ
Жақында мұнай өндіру көлемін жылына 100 млн тоннаға жеткіземіз. Осылай деген Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының 200 мыңнан астам қызметкерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

ТҮЙЕЛІ АУЫЛ
Қонаевта түйе бағып, шұбат дайындайтын тұтас бір ауыл бар. Ұлттық сусынға өзге жұрттың да аңсары ауған. Қазір түйе сүтін шетелдіктер аттай қалап әкетіп жатыр.
———————————————