Ерлан Қарин: Ел үшін жаңа ұлттық идея – цифрландыру мен жасанды интеллект

Биылғы Жолдаудың біріктіруші идеясы – цифрландыруды кең көлемде дамыту және жасанды интеллекті жаппай енгізу. Қазақстан республикасының мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин телеграмдағы парақшасында Жолдауға қатысты пікір білдірді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың түрлі саласына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жеделдетіп енгізу міндетін жүктеді. Бұл қадамның барлығы жинақтала келіп, Қазақстанның жаңа Ұлттық цифрлық даму стратегиясына біріктіріледі», — деді Ерлан Қарин.
ЕРЛАН ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:
— Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді. Осылайша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллекті енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды.
———————————————