Бүгінгі Жолдауында Президент инвестиция тарту жүйесін жаңғыртуды тапсырды. Оның айтуынша, қазір әлемде инвестиция үшін бәсекелестік артып келеді. Сондықтан жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажет. Мемлекет басшысы қазіргі инвестиция тарту саясатын мардымсыз деп атап, қаржының басым бөлігі шикізат саласына бағытталып жатқанын сынға алды.
БАУЫРЖАН ТҰРЛЫБЕКОВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ САУДА ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Ең алдымен, бірнеше мемлекет орган арасында жұмысты қайтадан қарастырып, жауапкершіліктерін қайтадан бөлуін және нәтижеге қол жеткізу жүйесін қалыптастыру керек. Бастысы, инвестияциялық жобалардың мониторингі керек, яғни қай қаражат қай бағытта жұмсалып жатыр және қандай нәтижеге әкеліп жатыр соны қадағалау керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.