Жолдау 2025: Өндірісті қолдау және зейнетақы реформасы – басты назарда

Жолдауда айқындалған тапсырмалар халықтың көкейінде жүрген мәселелерді дөп басты. Өйткені маңызды құжатта бекітілген мақсат- міндеттер әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған. Депутаттар осындай пікір білдірді. Ендігісі – әр тапсырманы жауапты министрліктермен жүйелі іске асыру.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Бірер минуттан кейін Президенттің кезекті Жолдауы басталады. Үкімет ғимаратының ішінде біз тілшілер осы маңызды сәтті тағатсыздана күтіп отырмыз. Депутаттар кулуарда журналистерге сұхбат беріп, өз ойымен бөлісіп жатыр. Биылғы Жолдау елдің дамуы бағытында алдағы мақсат-міндеттерді айқындап береді, деп отыр халық қалаулылары.

Жолдау аяқталғаннан кейін депуттатар өз әсерімен бөлісті. Маңызды құжаттың әр тармағын талқылап, заңнамалық тұрғыда пікірілерін білдіріп жатыр. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев бұл жолы қоғамның көкейінде жүрген мәселелер көтерілгенін атап өтті. «Президенттің бір палаталы Парламент құру туралы бастамасы халықтың билікке деген сенімін арттыруға ықпал етеді», — дейді.

ЕЛНҰР БЕЙСЕНБАЕВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Бұл – өте прогматикалық шешім. Бір палаталық парламент, саяси партиялардың күшеюі – өте қажет мәселе. Менің ойымша, бір мандаттық жүйе сақталады.
Жолдауда өндіріс саласы тыс қалмады. Мемлекет басшысы нақты тапсырмалар беріп, отандық өндірісті қолдаудың жаңа бағыттарын ұсынды. Кәсіпкерлерге жеңілдтеліген несие беру мәселесіне депуттар оң көзқарас білдіріп жатыр.

НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ:
— Казір банктердің беріп отырған 20, 25 пайыз несиесімен ешкім бизнесті дамыта алмайды. Банк саласын реформалауды, жаңадан заң қабылдауды тапсырды. Ол тапсырма биыл орындалады. Жаңа заң қабылданады.

Жолдауда зейнетақы жүйесіндегі нақты проблемалар да көтерілді. Бұл саланы реформалау дұрыс шешім екенін айтады Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов. «Әр бастаманың артында үлкен жауапкершілік тұр. Енді оны нақты іске асыру – жауапты ведомствалардың ортақ міндеті», — дейді мәжілісмен Асхат Аймағамбетов.

ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Бүгінгі жолдауда көтерліген тақырыптар ауқымды. Бекітілген тапсырмалар – ертеңгі істің бастауы. Жаңа реформалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бұл бастамаларды халық қалаулылары қолдап отыр, маңызды міндеттерді іске асыру үшін нақты механизм қажет дейді.
———————————————