Жаңа оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлініп, иегерлер білім алып жатыр. Оның басым бөлігі, яғни 60%-ы техникалық бағыттағы мамандықтарға берілді. Инженерия, энергетика, IT, құрылыс саласына 46 250 мындай грант бөлінген. Жалпы, Қазақстанда сұранысқа ие 10 жұмысшы мамандық тізімі қандай?
Күтім бойынша, орта медициналық қызметкері, қазандық және бу машина операторы, құрылыс-монтаж жұмысшысы, өндірістік құрал-жабдықты жөндеуші, тракторшы, автобус жүргізушісіне сұраныс көп. Жетісу облысында «жаңа мамандық атласы» жасалып, жан-жақты сараптап, өңірдегі 11 колледжде ақпараттық технология, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, энергетика және туризм индустриясына қатысты жаңадан 14 мамандық ашылды. Өндіріс орнының тапсырысымен студенттер оқытылады, түлектер бітіре сала жұмыспен қамтылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.