Шардарада ұлынан аяусыз таяқ жеген қария көз жұмды

Түркістан облысында ер адам әкесін ұрып-соғып келген. Әлеуметтік желіде Шардара ауданында мүгедек қарт әкесін баласы аяусыз соққыға жыққан видео тарады. Бейнежазбадан көшеде және үй ауласында ер адам мен әйелі өздігінен жүріп-тұра алмайтын әкесін сүйреп бара жатқанын көруге болады. Баласы әкесін әбден балағаттап, бірнеше рет ұрып-соғады. Тіпті соққыдан қарияның аузы қанап кетеді. Қарт кісі мұндай қорлықты өмірінің соңына дейін көріп келген. Осы жағдайдан кейін 10 күн өткен соң, қария көз жұмды. Ал полиция бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні қамауға алды.
ЖАНДОС ҚҰЛМАХАН, ТЕРГЕУ БАҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажет жедел тергеу шаралары жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады.
———————————————