Алматы облыстық прокуратурасы Талғар ауданындағы қанды оқиғаға байланысты «полицейлердің әрекетсіздігі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшыларының әйелді зорлады деген күдікке іліккен ер адамды дер кезінде ұстамауының салдарынан, бір отбасы азаматынан айырылып, қара жамылды. Бұл оқиға Қызылқайрат ауылында болды. Күдікті жәбірленушінің ағасын өлтіріп, екі жастағы қызды ұрлап әкеткен еді. Қазір бұл істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында күдікті ұсталып, екі жасар қыз босатылды. Қылмыскер көлікпен жардан секіргенде, қыз тілін қыршып алған. Оған аудандық ауруханада операция жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір бүлдіршіннің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.