Еліміздің шығысында улы газдарды анықтайтын дабылқаққыш орнатыла бастады. Мұндай құрылғы төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен көпбалалы және аз қамтылған отбасы тұратын баспаналарға тегін қойылып жатыр. Мамандар соңғы бес жылда дабылқаққыш арқылы өңірде 42 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалдық деп отыр. Жылыту маусымы алдында құтқарушылар жеке тұрғын-жайларды аралап, түсіндіру жұмысын жүргізуде. Сондай-ақ пештерді тексеріп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі туралы нұсқау беріп жатыр. Аралап жүрген мамандар мұржа тазалауға да көмектеседі.
МАРИНА ЛИСКОВА – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Пештің барлығын жылыту маусымы алдында тексеруіміз керек. Себебі кейбірі қауіпсіздікті естен шығарып жатады. Акция аясында тек Ұлан ауданында шамамен улы газды анықтайтын 125 датчик орнатуды жоспарлап отырмыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.