Жолдау 2025: Президент бір палаталы Парламент құруды ұсынды | 08.09.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЖОЛДАУ – 2025
Қазақстан толық цифрлық мемлекетке айналуы тиіс. Ол үшін жасанды интеллект министрлігі құрылсын. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент үндеуінде тағы қандай салаларға басымдық берілді?

ӘКЕ ТАҒДЫРЫ
Түркістан облысы Шардара ауданындағы жаға ұстатарлық жағдай. Баласынан аяусыз таяқ жеген әке көз жұмды. Ал өз әкесін өзекке тепкен күдікті қолға түсті. Тергеу жүріп жатыр.

ТАЛҒАР ОҚИҒАСЫ
Талғарда бір келіншекті зорлап, оның кішкентай қызын ұрлап кеткен күдікті қамауға алынды. Ол зардап шегушінің туысын да өлтірді деген ақпарат бар. Ал осы істе селқостық танытқан жергілікті полиция өкілдеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізіле ме?

ТҰРҒЫН БАЗЫНАСЫ
Жергілікті билік уәдесін неге бұзды? Бұрын саябақ салынады деген жерге мейрамхана мен көңіл көтеру орталығы тұрғызылып жатыр. Бұған Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үй азаматтары өкпелі.

ҚЫСТЫҢ ҚАМЫ
Қылышын сүйреп қыс келеді. Жер үй иелері көмір жағып, қара пешті жағалайды. Шығыс Қазақстан облысында көмір-қышқыл газын анықтайтын дабылдатқыш тегін орнатылып жатыр.
———————————————