Астанадағы түнгі клубта 19 жастағы жігіт көз жұмды

Астанадағы түнгі клубтардың бірінде төбелес болып, соңы қайғылы оқиғаға ұласты. Көңіл көтеруге жиналғандар арасында жалжал туған. Жұдырықтасу кезінде жігіттер бір-біріне пышақ сілтеген. Қате тиген жарақаттан 19 жастағы жігіт сол жерде жан тәсілім еткен. Полиция оқиға ізімен қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.
———————————————