Қарағанды полициясы бұзақы баланы іздестіріп жатыр. Қала тұрғындары қастықшыл жасөспірімді жазаға тартуды сұраған. Өйткені ол кірпішті шатырға арқалап шығып, оны әдейі шетке қояды екен. Төбеден бірнеше рет кірпіш құлағанын көрген азаматтар алаңдаушылық білдіруде. Қазір тіпті көпқабатты үйлердің жанынан жүруге қорқады. Ол басқа түсіп кетсе, арты қайғылы жағдайға соқтыруы мүмкін. Полиция өкілдері мұндай бұзақылық үшін жасөспірімнің ата-анасын да жазаға тартатынын айтады.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Құқықбұзушының жеке басын анықтау шаралары жүргізілуде. Ол белгілі болғаннан кейін жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісті дәрежеде көңіл бөлмегені үшін заңда көзделген жауапкершілікке тартылады. Қарағанды облысын ПД айналаға қауіп төндіретін кез келген әрекет қатаң шаралар арқылы тоқтатылатынын ескертеді. Ата-аналарға балаларының жүріс-тұрысын мұқият қадағалап, мұндай құқықбұзушылыққа жол бермеу қажеттігін қатаң түрде еске салады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.