Бас прокуратура Google деректерінің таралып кетуіне байланысты қазақстандықтарды сақ болуға шақырды. Әлемдік интернет кеңістігін бақылау барысында Google мәліметтер базасының бұзылуына қатысты киберқауіп анықталған. «Шайни хантерс» атты хакерлік топ 2,5 миллиардқа жуық Gmail аккаунттың байланыс деректеріне қол жеткізген. Парольдер тікелей ұрланбаған, алаяқтар әлеуметтік инженерия арқылы Google қызметкерін алдап, жүйеге кіріп алған. Енді қолданушыларға жалған қоңыраулар мен хабарламалар жіберіп, парольді қалпына келтіруді талап етіп жатыр. Осыған байланысты, мамандар құпиясөзді ауыстырып, екі факторлы аутентификация қосуды және күмәнді хаттар мен қоңырауларға сенбеуді ескертеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.